Компанияңызды дамытуға нақты бағыт табу туралы ойланған ба едіңіз? Күрделі бизнес-міндеттерді шешуде немесе команда ішінде стратегияны келісуде қиындықтарға тап болдыңыз ба?
Мүмкін, сіз жаңа өсу нүктелерін іздеп жүрген боларсыз немесе тез өзгеріп жатқан нарық жағдайына бейімделудің жолдарын қарастырып жүрген шығарсыз? Ал, бәлкім, сіз қызметкерлердің ынтасын арттырып, оларды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіргіңіз келетін шығар?
Стратегиялық сессиялар — осындай міндеттерді шешуге арналған тиімді құрал. Олар компанияларға мақсаттарды нақтылауға, әрекеттерді келісіммен үйлестіруге және шешім қабылдауда икемді болуға көмектеседі. Сессия барысында ұйым үшін маңызды мәселелер терең талданып, басымдықтар айқындалады және табысқа апарар нақты іс-қимыл жоспары әзірленеді.
Стратегиялық сессиялар бизнес проблемаларын қалай шешеді
Бағыттар мен мақсаттарды анықтау
Сессиялар компанияға ұзақмерзімді көріністі айқындап, соған жетудің нақты қадамдарын белгілеп, ресурстардың бей-берекет жұмсалуынан сақтануға мүмкіндік береді
Команда ішіндегі түсіністік
Қатысушылар ортақ басымдықтарды айқындап, департаменттер арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою мүмкіндігіне ие болады — бұл ортақ мақсаттарға қол жеткізуде ұйымшылдықты арттырады
Күнделікті проблемалардың шешімі
Талқылау барысында бизнеске қатысты сындарлы мәселелер қарастырылады, ұйымдастырушылық кедергілер жойылады және тәуекелдер бағаланады — бұл өзгерістерді жедел енгізуге септігін тигізеді
Инновациялар мен бейімделу
Сессиялар жаңа идеялардың туындауына түрткі болып, нарықтағы өзгерістерге — соның ішінде дағдарыстық жағдайлар мен жаңа мүмкіндіктерге — бейімделуге көмектеседі
Корпоративтік мәдениетті нығайту
Сессиялар компанияның миссиясын тереңірек түсінуге, корпоративтік құндылықтарды нығайтуға және қызметкерлердің жұмысқа тартылуын арттыруға ықпал етеді
Ресурстар мен үдерістердің оңтайлануы
Сессиялар қолданыстағы үдерістердегі осал тұстарды анықтап, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді
Менің стратегиялық сессия жүргізудегі негізгі тәсілдерім
Тыңғылықты дайындық
Клиентпен бірге тақырыпты терең зерттеу
Модерация барысында құрылым мен таймингті қатаң сақтау
Ойын құралдары
Нәтижені трекингтеу
Өткізілген сессиялар
2018 жыл
Салалық реформаны іске асыру стратегиясын әзірлеуге арналған министрлік қызметкерлері мен өңірлік департамент басшыларына арналған стратегиялық сессия
1
2021 жыл
ТКМК компаниясы қызметкерлеріне арналған команданың дамуындағы сындарлы тұстарды анықтауға бағытталған стратегиялық сессия
2
2022 жыл
«Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбындағы PR-шы форумы қатысушыларының брейнштормингі
3
2023 жыл
Өнеркәсіп корпорациясының құрылымдық бөлімшесі қызметкерлеріне арналған орта мерзімді коммуникациялық жоспарды әзірлеу бойынша стратегиялық сессия
4
Тренер
Фатима Косаева
Журналистика және PR саласында 30 жылдық тәжірибесі бар, соның ішінде Қазақстандағы ірі компанияларда басшылық қызметтер атқарған
Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломы
Мемлекеттік органдармен байланыс (GR) саласы бойынша сертификатталған маман
QID Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі